Жарияланды: 310

Қостанайда оқушыны қаққан жүргізушіге қатысты жаңа видео жарияланды

Қостанайда көлік қаққан 13 жасар баланың өліміне қатысты жаңа деректер шығып жатыр. Әлішер Саматовтың өмірінің соңғы сәті сол маңнан өтіп бара жатқан автобустың бейнетіркеуішіне түсіп қалған.

Қатты жылдамдықпен келе жатқан қара Ауди автобустың алдынан бұрылыста шыр айналып өтеді. Сөйтіп, артқы бапмерімен жарнама баннерін сүріп өтіп, жаяу жүргіншілер жолағына енді аяқ басқан Әлішерді бетон қақпаға апарып жаншыған. Бала сол жерде тіл тартпай кетті. Ал 39 жастағы Вячеслав Девин оқиға орнына жеткен тәртіп сақшыларымен жаға жыртысқан. Тіпті полицейлердің бірінің мойнына пышақ тақап, тапанша талап етіпті. Қазір екі бірдей бап бойынша айыпталған мас жүргізуші темір торға тоғытылды.   

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін