Қостанайда пара алды деген күдікпен бір топ шенеунік сот алдында жауап беріп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда пара алды деген күдікпен бір топ шенеунік сот алдында жауап беріп жатыр

Қостанайда пара алды деген күдікпен бір топ шенеунік сот алдында жауап беріп жатыр

Миллиондап пара алды деп айып тағылған Қостанай қаласының бұрынғы әкімі сот алдында жауап беріп жатыр. Бүгін Ахметбек Ахметжановпен бірге оның орынбасары болған Мақсұт Қалиев пен тағы 3 кәсіпкердің ісі қаралды.

  • 26 Қаңтар 2016
  • 310
Фото - Caravan.kz

Қолдарына қосақтастырып кісен салған шенеуніктер мен кәсіпкерлер сот залына киножұлдыздарындай көңілді кірді. Судья келгенше экс-әкімнен өзгелері өзара қалжыңдасып та алды. Олардың көңілді отырыстары прокурор айыпты оқығанда су сепкендей басылды. Істің басты фигуранты, Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановқа қызметін асыра пайдаланды, кәсіпкерлік қызметке кедергі жасады, пара алды деген айып тағылды. Ахметжанов қаланы басқарған бір жылдың ішінде 74 миллион теңге пара алған. Алайда ол кінәсін мойындаған жоқ. Экс-әкімге қарағанда оның орынбасары Мақсұт Қалиев істеген қылмысын толық мойындап отыр. Оған пара беруге делдал болды деген айып тағылған. Ал, әкімге ақша ұстатқан үш кәсіпкердің екеуі айыптаумен мүлде келіспесе, біреуі кінәсін ішінара мойындады. Олар құзіретін асыра пайдаланып, пара берді деп айыпталып жатыр.