Қостанайда полицейлерге оқ атқан ер адамға үкім шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда полицейлерге оқ атқан ер адамға үкім шықты

Қостанайда полицейлерге оқ атқан ер адамға үкім шықты

Қостанай облысының тұрғыны жүргізуші куәлігінен айырғаны үшін полиция ғимаратына оқ атқан еді.

  • 17 Наурыз 2019
  • 60
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "КТК" арнасы хабарлайды.

Қостанайда қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты полиция бөлімшесіне шабуыл жасаған ер адамды он жылға бас бостандығынан айырды. Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметінен мәлімдегендей, ер адам өткен жылдың қазанында жүргізуші куәлігінен айырылған. Кейін ол көлігімен Меңдіқара АІІБ-ге келіп, ғимараттың терезесіне екі рет оқ атқан.

Сот ер адамды полицейлерге қастандық жасамақ болғаны үшін кінәлі деп танып, 10 жылға бас бостандығынан айырды. Енді ол жазасын қатаң режимді колонияда өтейді.

Бұған қоса, сотталушы аудандық полиция ғимаратының терезесін сындырғаны үшін 82 мың теңге материалдық шығын өтеді. Сонымен қатар, одан жәбірленушілерге өтемақы қорына 30 АЕК, яғни 75 мың 750 теңге мәжбүрлі төлем алынды.


ВАЗ-21102 маркалы автокөлігі мемлекет пайдасына тәркіленді. Полиция ғимаратына шабуыл жасаған кезде ол осы көлікпен келген. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Соңғы жаңалықтар