Қостанайда қарақұмықтың бағасы қымбаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қарақұмықтың бағасы қымбаттады

Қостанайда қарақұмықтың бағасы қымбаттады

Қарақұмық бағасы Шымкенттен соң Қостанайда да шарықтап кетті. Соңғы бір апта ішінде оның құны екі есе көтерілген екен. Дүкеншілер алдағы уақытта тағы да қымбаттаушылық болады деп отыр.

  • 15 Қараша 2014
  • 382
Фото - Caravan.kz

Көпшілік бағаның өзгеруін егіннің дұрыс шықпағанымен байланыстыруда. Биыл тек бізде ғана емес Ресей аумағындағы алқаптардағы жағдай мәз емес. Сондықтан сырттан келетін тауар көлемі азайған. Қазір Қостанай дүкендерінде қарақұмық мүлдем жоқтың қасы. Сатылып жатқандарының өзінде бағасы екі есеге өскен. Мұнда қарақұмық қана емес, басқа да дәнді дақылдардың құны көтеріліпті. Мәселен ұн, макарон, сұйық май мен күріш біршама көтерілген.


Гүлсара Нұрмахина, саудагер:

-Қазір көтерме саудамен айналысатындар гречканы бізге 220 теңгеден беріп отыр. Оны 250 теңгеден сатып тұрмыз. Зейнеткерлер келіп наразылықтарын айтап жатыр.