Қостанайда қазақ тілінде хаттама толтыртқызбаған полицейлер жазаланбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қазақ тілінде хаттама толтыртқызбаған полицейлер жазаланбақ

Қостанайда қазақ тілінде хаттама толтыртқызбаған полицейлер жазаланбақ

Қостанайда мемлекеттік тілде толтырылған хаттаманың құны қымбат екен. Жол ережесін бұзып, айыппұл арқалаған тұрғын - тәртіп сақшыларынан осындай теперіш көрдім деп шағымданды. Айтуынша мемлекеттік тілді біле тұра сөйлемеген полицейлер оған айыппұлдың екі тарифін ұсыныпты. Хаттама қазақша толтырылса 20 мың, орысша толтырылса екі есе арзан.

  • 16 Шiлде 2015
  • 331
Фото - Caravan.kz

Ақтолқын Жәнібекова:

Переводчик требуется деген жерге «нет» деп өзі жазды. Қағаздың барлығын ол өз қолымен толтырды. Тек қана «я проехала на красный» дегенді әріптеп  отырғызып жаздырды. Менің бетіме қарап, «если вы принципиально я тоже принципиально» деді.

Екі апта бұрын бағдаршамның қызыл түсіне өтіп, кінәсін мойындаған Ақжарқын енді полицейлердің үстінен шағымданып жатыр. Айтуынша ереже бұзған сәт түскен таспаны көрсету үшін тәртіп сақшылары оны бөлімшеге апарып, ұзақ ұстапты. Әрі түсініктемені қазақша жаза алмай қор болдым дейді Ақжарқын Жәнібекова. Келіншектің арызы бойынша, Ішкі істер департаменті тексеруді бастаған. Егер полицейлердің кінәсі дәлелденсе, жауапсыз қалмайды деп сендірді департамент басшылығы.

Әділбек Нұрмахин, Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

–Қызметтік тергеу жүргізілуде. Тексеру қорытындысы бойынша азаматша Жәнібековаға түбегейлі жауап беріледі. Егер де полиция қызметкерінің осы заңды бұзғаны тексеру барысында анықталса ол жазаға тартылады.