Қостанайда "Қазпошта" бөлімшесінен 10 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.98
  • 533.87
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда "Қазпошта" бөлімшесінен 10 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Қостанайда "Қазпошта" бөлімшесінен 10 млн теңге ұрлаған күдікті ұсталды

Қостанайда бүгін "Қазпошта" аудандық бөлімшесінен ақша ұрлады деген күдікпен Құшмұрын ауылының екі тұрғыны ұсталды.

  • 4 Ақпан 2014
  • 370
Фото - Caravan.kz

«Қостанайда күдіктілер ұрлықтан кейін жалға алған пәтерден полиция қызметкерлері 2,7 миллион теңге мен ұрланған ақшаға сатып алынған заттарды тәркіледі», — деп «Интерфакс-Қазақстан» агенттігіне облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазіргі кезде күдіктілер Қостанайдан Құшмұрын полиция бөліміне жеткізілді.


Бұрын хабарланғандай, 16 қаңтарға қараған түні «Қазпоштаның» Құшмұрын бөлімшесі ғимаратынан 10 млн теңгедей ақша ұрланған болатын.