Қостанайда қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 518.99
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Қостанайда қылмыстық топтың жетекшісі ұсталды

Алматы. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Қостанай облыстық ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қылмыскерлер арасында "Маратенок" деген лақап атпен танымал жергілікті ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін ұстады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Тамыз 2008
  • 401
Фото - Caravan.kz

«43 жастағы Марат Мұқашевты ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері «Бамбук» мейрамханасында құрықтады. Одан 4 грамм героин тәркіленді. Есірткілік сараптама көрсеткендей, оның қанынан да марихуана мен героин анықталған», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Полицияның хабарлауынша, онымен бірге 3 грамм героинмен Ресей азаматы, Мәскеудің 48 жастағы тұрғыны да ұсталды.

Қазір олардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, қамауға алынды.

Полиция мәліметінше, «Маратенок» басқарған қылмыстық топ Қостанай өңірінің аумағында кәсіпкерлерді бопсалаумен, бизнеске «қамқорлық» жасаумен, қылмыстық жолмен табылған ақшаны заңдастырумен шұғылданып келген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті