Қостанайда ұлын тастай қашқан ата-анаға іздеу жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда ұлын тастай қашқан ата-анаға іздеу жарияланды

Қостанайда ұлын тастай қашқан ата-анаға іздеу жарияланды

Қостанайда 1 жасар ұл баланың ата-анасы іздестірлуде. Сәбиді әлдекім балалар үйіне жасырын кеп, тастап кетіпті. Шарбақтың жанында жалаң аяқ, жылап тұрған тұрған бүлдіршінді мейірбике көріп, ішке кіргізген.

  • 24 Шiлде 2015
  • 354
Фото - Caravan.kz

Дереу барлық қызметкерлер айналаны қарап шыққанымен, сәбиді әкелген адам табылмады. Бүлдіршінге қарап нашар отбасынан шыққан деуге келмейді. Киімі таза, қарны ашпаған. Ал оны дарбазадан асыру үшін екі адамның күші керек,- дейді мұндағы мамандар. Бірі оны көтеріп, екіншісі биік қоршаудың арғы жағынан қабылдап алғанға ұқсайды. Әзірше, мекеме қызметкерлері оны Дамир Баймағамбетов деп атап жүр. Өйткені әлеуметтік мекеме Баймағамбетов атындағы көшеде ораналасқан. Қазір ұл баланың туған-туыстарына іздеу жарияланды.