Қостанайда жоғары лауазымды шенеунік пара алғаны үшін құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда жоғары лауазымды шенеунік пара алғаны үшін құрықталды

Қостанайда жоғары лауазымды шенеунік пара алғаны үшін құрықталды

Қостанай. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайда ҰҚК-нің облыстық департаментінің қызметкерлері облыстық транспорттық бақылау басқармасының бір жетекшісін пара алып жатқанда қылмыс үстінде құрықтады. Бұл туралы агенттікке Қостанай облыстық ҰҚКД-нен хабарлады.

  • 22 Қараша 2007
  • 364
Фото - Caravan.kz

Шенеунік 5000 АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан сәтте бопсалаушылық жөніндегі күдікпен ұсталды. Параға жауап ретінде қитұрқы шенеунік бір автокәсіпорынның жұмысынан анықталған заң бұзушылыққа «көз жұма қарауға» уәде берген. Кәсіпорын қызметкерлері болса ҰҚК-нің көмегіне жүгінді.

Шенеунік параны алған соң ұсталды. Оның үстелінен белгі соғылған қағаз ақшалар табылды, деп хабарлайды департаменттегілер.

Қазір алдын-ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Істің мән-жайы толық жария етілген жоқ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті