Қостанайдың орталық көшесіндегі асфальт орнына шұңқыр пайда болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың орталық көшесіндегі асфальт орнына шұңқыр пайда болды

Қостанайдың орталық көшесіндегі асфальт орнына шұңқыр пайда болды

Қостанай. 21-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайдың орталық көшесінде су құбырының қатарынан екі жерінен жарылуы салдарынан асфальт орнында шұңқыр пайда болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 21 Қараша 2007
  • 472
Фото - Caravan.kz

«Қостанай Су» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының ақпаратына сүйенсек, Абай мен Павлов көшелерінің қиылысқан тұсында орналасқан су құбыры ескірген.

«Соңғы рет бұл жердегі құбырларды 1989 жылы ауыстырған. Сол себепті осы жерде құбыр жарылып отыр. Сенбі күні апат салдары толығымен қалпына келтірілген еді, алайда, соның жанында құбыр тағы да жарылды. Нәтижесінде топырақ қабаты отырып, жердің бір бөлігі төмен түсіп кетті», — деп хабарлады «Қостанай Су» МКҚК директоры Владимир Киселев.

Күн райының қолайсыздығынан «Қостанай Су» қызметкерлері осы кезге дейін жол қабатын жөндеп біткен жоқ. «Ауа-рай мұрша берсе, бәрі жасалады», — деп уәде беруде «Қостанай Су» қызметкерлері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті