Қостанайдың полицейлері үлкен сомадағы ақшамен және қару-жарақпен тығылып жүрген инкассаторды ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.04
  • 555.01
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың полицейлері үлкен сомадағы ақшамен және қару-жарақпен тығылып жүрген инкассаторды ұстады

Қостанайдың полицейлері үлкен сомадағы ақшамен және қару-жарақпен тығылып жүрген инкассаторды ұстады

Қостанай. 29-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қостанайдың полицейлері үлкен сомадағы ақшамен және қару-жарақпен тығылып жүрген инкассаторды ұстады. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Қостанай облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Қазан 2007
  • 360
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Рудный қаласында 27-қазанда инкассатор қызметінің отыз тоғыз жасар қызметкері 1 млн 775 мың теңгені иеленіп, белгісіз жаққа қашып кеткен.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы жедел-тергеу тобы оқиға болған жерге мұқият тексеру жүргізіп, қылмысқа инкассатор қызметінің қызметкерінің қатысы бар деген күдік туған.

«Бір тәулік өткеннен кейін ол Ресей аумағында, Южно-Уральск қаласында құрықталған. Ақшаның жартысын ол жұмсап үлгерген, қалғанын полиция қызметкерлері тәркілеген. Одан әрі жедел-тергеу шараларын жүргізе келе қару-жарақ та тәркіленді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр»,- деп хабарлады Қостанай облысының ішкі істер департаментінің бірінші орынбасары, полиция полковнигі Марат Ысқақов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті