Қостанайдың уақытын өзгерту туралы ұсыныс үлкен дау туғызды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайдың уақытын өзгерту туралы ұсыныс үлкен  дау туғызды

Қостанайдың уақытын өзгерту туралы ұсыныс үлкен дау туғызды

Қостанайлықтар қай уақытпен жүретіндерін білмей шарқ ұруда. Себебі, облыс тұрғындары қыстың күні қалыпты уақыт белдеуінен 2 сағатқа қалып қойған. Ал бұл осы аймақтың тіршілігіне кері әсер етіп отыр екен. Сондықтан, дереу қысқы уақытқа ауысып, тым болмаса, уақытты бір сағат кейінге шегеру керек деген бастама көтерілуде. Ал, жергілікті тұрғындар арасында бұған келісетіндер де, келіспейтіндер де табылып жатыр.

  • 30 Қаңтар 2015
  • 438
Фото - Caravan.kz

Уақыт белдеуін ауыстыру туралы бастаманы алдымен облыс тұрғындарының өздері көтерген. Жергілікті басылымға облыс орталығы мен ауыл тұрғындарынан қысқы уақытты 1 сағат артқа шегеру туралы өтініштер қаптап түскен. Өйткені күндіз тіршілігіне кеш шыққан тұрғындар жұмыстан қайтам дегенше түн қараңғысы түсіп кетеді екен. Сондықтан жұмысқа ертерек шықсақ, үйімізге де ертерек қайтамыз дегеннен шыққан ой екен.

Гүлдана Молдағалиева, Қостанай қаласының тұрғыны:

— Жақсы болар еді уақытты ауыстырса. Жұмысқа баруға да қайтуға да ыңғайлы.  Қолдаймыз.

Облыс тұрғындарының осындай пікірі сонау Парламентке дейін жетіп, Мәжіліс депутаты Ольга Кириленко Қостанайдағы қысқы уақытты 1 сағат шегеру туралы ұсыныс жасап та қойған екен. Ол ұсыныс қабылдана ма, жоқ па, әзір белгісіз. Тек бір анығы, облыстың уақыты артқа сырғытуды қолдамайтындар да табылып отыр. Өйткені, бұндай уақыт өзгерісі бірінші ауысымда оқитын төменгі сынып оқушылары үшін қиынға соғады екен.

Гүлмира Рахымжанова, Қостанай қаласының тұрғыны:

— Таңертең бала оянғанда, дала әлі  қараңғы болады.  Баламыз мектепке баруға ояна алмай қиналады. Әлі дайын емеспіз.

Қостанайлықтар қысқы уақытқа не ауысарын, не ауыспасын білмей дағдарып отырғанда бұған қатысты арнайы мамандар да пікірін білдірді. Олар бәрібір де 1 сағат кейін шегерген дұрыс деген ойда. Өйткені, уақытты үнемдеу деген мәселеден бұрын, оның адам денсаулығы үшін де әсері бар екен.

Болат Сәдуақасов, дәрігер:

— Жазғы-қысқы уақыт керек емес. Оның организмге кішкене зияны бар. Қажеті қанша оның? Өзгерткеннен пайда болмайды.

Дегенмен, Қостанайдағы уақыттың 1 сағатқа шегерілетіні не шегерілмейтіні әлі белгісіз. Сондықтан бұл өңірдегі қысқы уақыт мәселесі әлі біраз сөз болайын деп тұр.