Жарияланды: 10500

Қостанайлық бойжеткен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқаны үшін соққыға жығылған (ВИДЕО)

Қостанайлық бойжеткен жыныстық қатынасқа түсуден бас тартқаны үшін соққыға жығылған (ВИДЕО)

Бойжеткенді ұрып-соғып, зорламақ болған жігіт қамауға алынды.

Бұл туралы ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Оқиға осы жылдың 10 мамырында болған. Бойжеткен Facebook парақшасында жігіттің ұрып-соғып, қорлағанын айтып, видео жариялаған. Қазір полиция осы факті бойынша ҚР ҚК 121-бабымен («Жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша алған дене жарақаттарының ауырлық дәрежесі анықталады. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілде, олар аяқталғаннан кейін түпкілікті іс жүргізу шешімі қабылданады. Сонымен қатар, аталған оқиғаның қатысушылары ТЖ режимін бұзуғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды. Қылмыстық істі тергеу Қостанай облысы полиция департаменті тергеу басқармасына жүктелді», - делінген полицияның ақпаратында. Қостанай облысы полиция департаментінің әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының қызметкерлері бойжеткенге психологиялық қолдау көрсетпек.

Сондай-ақ видеоны НеМолчиKZ қоғамдық қорының өкілі Дина Таңсәрі өз Facebook парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін