Қостанайлық экс-депутатқа жеңгетайлықпен айналысқан деген айып тағылды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық экс-депутатқа жеңгетайлықпен айналысқан деген айып тағылды

Қостанайлық экс-депутатқа жеңгетайлықпен айналысқан деген айып тағылды

Рудный қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Юлия Каралашқа қатысты қылмыстық іс сотта қаралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

  • 18 Қазан 2017
  • 239
Фото - Caravan.kz

Рудный қалалық сотына ҚР ҚК 309-бабы 2-бөлігі 2-тармағы («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша айыпталған Рудный қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Юлия Каралашқа қатысты қылмыстық іс түсті. Юлия Каралаш депутат мандатынан айырылып, «Нұр Отан» партиясының мүшелігінен шығарылды.

Еске салсақ, халық қалаулысы үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде 29 жастағы Рудный қаласының тұрғынына 24 жастағы қызды 60 мың теңгеге ұсынған. Іс материалдарына сәйкес, қылмыстық істі қарау кезінде сотқа шақырылған адамдардың ішкі өміріне қатысты мәселелер қаралатын болады.

ҚР ҚПК 29-бабы 1-бөлігі талаптарына сәйкес, сот ісіне қатысатын адамдардың жеке өміріне қатысты мәліметтердің жария етілуін болғызбау мақсатында сот қылмыстық істі жабық түрде өткізуге шешім қабылдады. Басты сот отырысы жақын күндерге тағайындалды.


 

Соңғы жаңалықтар