Дмитрий Михайлович әлі бар кезінде шөпті өзі отап жүрген. Енді шамасы жоқ. Ал коммуналдық қызметтен көмек сұраса, ондағылар арамшөптен құтылу зейнеткердің өз міндеті депті. Полицияға хабар берсе, олардың да қозғалатын түрі жоқ. Бастапқыда 12 шаршы метрді алып жатқан кендір, енді әбден жайылып кеткен. Әлдекімдер шетінен орып әкетіп жатыр. Сөйтіп, ескірткі шөбінің қызығын жергілікті нашақорлар көруде дейді қария.