Қостанайлық соғыс ардагерлеріне 150 мың теңгеден беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайлық соғыс ардагерлеріне 150 мың теңгеден беріледі

Қостанайлық соғыс ардагерлеріне 150 мың теңгеден беріледі

 Қостанайда облыстық іс-шаралар жоспары бекітілді, онда   мәдени, спорт, мерекелік және т.б. шаралар жоспарланған.

  • 19 Қаңтар 2015
  • 313
Фото - Caravan.kz

Басты назар соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне аударылады, облыста олардың саны —  366, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына арналған шараларды өткізуге республикалық бюджеттен 326,1 млн. теңге бөлінді. Оның 322,8 млн. теңгесі біржолғы материалдық көмек көрсетуге, 3,3 млн. теңге Астана мен Мәскеу қалаларында мерекелі шерулерге қатысуы үшін жол ақысы шығынын төлеуге көзделген. Соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне төленетін біржолғы төлем 100 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ Қостанайда соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында 150 мың теңге біржолғы жәрдемақы төленеді. Оларға теңестірілген тұлғаларға, тыл еңбеккерлеріне сомасы 5 АЕК біржолғы көмек белгіленген.

Бұдан басқа, жыл сайын тұрмыстық қажеттіліктерге ай сайынғы төлемдер көзделген, оның ішінде 2015 жылы:


-ҰОС қатысушылары мен ардагерлеріне ай сайын 10 АЕК (19 820 теңге), оның 6 АЕК жергілікті бюджеттен, облыстық бюджеттен 4 АЕК төленеді;

-ҰОС қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша оларға теңестірілген тұлғаларға (ҰОС жылдары кемінде 6 ай тылда жұмыс істеген адамдардан басқа) жергілікті бюджеттен ай сайын 3 АЕК (5 946 теңге) төленеді.