Оқиға Қостанай облысы аумағында, Лисаков қаласы мен Тобыл станциясы аралығында болған. Сағат 00:00 шамасында заулап келе жатқан жүрдек пойыздың алдында кедергілер жатқаны байқалады. Абырой болғанда, машинист жедел тежегішті іске қосады. Тексеру кезінде теміржолға 4 жерден бетон заттар қойылғаны анықталды. Жол іле тазартылып, тосқауыл алынған соң пойыз қозғалысын жалғастырды. Зардап шеккендер жоқ. Қостанай станциясының желілік полиция қызметкерлері осы оқиға бойынша шұғыл іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Октябрь ауылының екі тұрғынын қолға түсірді. Олардың үстінен ҚР ҚК 50 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті жасөспірімдер бұл істі «ермек үшін» істегендерін айтып ақталған. Тергеу жұмыстары жалғасуда.
