Автошеру ұйымдастыру бұрыннан бері жоспарланған. Бірақ оның мақсаты өзге болатын. Қостанайлықтар о баста Түркия ауруханасында ес-түссіз жатқан жерлестеріне ақша жинап беруді көздепті. Бірақ Константин кеше тілге келместен көз жұмды. Отандасымыз Памуккале-Кемер тас жолында көлік апатынан ауыр жараланған еді. Марқұмның жақындары енді жерлеу рәсімінен кінәлі азаматтың жазалануын сұрап, сотқа арызданбақшы. Ал марқұмның денесі елімізге ертең жеткізіледі.