Қою түтін Алматы тұрғындарын алаңдатты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қою түтін Алматы тұрғындарын алаңдатты

Қою түтін Алматы тұрғындарын алаңдатты


Алматылықтар өрт салдарынан көтерілген қою түтінді видеоға түсіріп алған. Кейін шаруашылық үшін салынған үйдің өртенгені белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "ҚазАқпарат" сайтына сілтеме жасап.

  • 18 Қазан 2021
  • 14
Фото - Caravan.kz

18 қазан 14.47-де Алматы Төтенше жағдай департаменті күштері мен техникалары Алмалы ауданы, Қожамқұлов көшесі, 259 мекен-жайына жіберілген.

"14.52-де жалпы ауданы 100 шаршы метрге тең шаруашылық үшін салынған үйдің өртенгені белгілі болды. Тез арада сөндіру және өрттен қорғау үшін автоцистерналар жақын маңдағы су гидранттарына қосылды. Өрт болған жерден 4 газ балоны шығарылды. Олардың екеуінің көлемі 25 литр, тағы екеуінікі 5 литр. 25 литрлік газ балонының біреуі қауіпсіз жерге апарылды", — деп хабарлады Алматы ТЖД баспасөз қызметіндегілер.

Өрт 15.10-да ауыздықталды, 15.27-де толық сөндірілді. Полиция қызметкерлері қауіпсіздік үшін Жамбыл көшесін жапқан. Жалпы 10 техника және 35 қызметкер жұмылдырылған.


Соңғы жаңалықтар