Қожамжаров Назарбаевқа жемқорлармен қалай күресіп жатқанын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қожамжаров Назарбаевқа жемқорлармен қалай күресіп жатқанын айтты

Қожамжаров Назарбаевқа жемқорлармен қалай күресіп жатқанын айтты

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік төрағасын Ақордаға шақыртқан Елбасы, оған алдымен қай іске басымдық беру керегін түсіндірді.

  • 21 Ақпан 2015
  • 312
Фото - Caravan.kz

Ірі шортандарды тұтқындаумен аты шыққан Қайрат Қожамжаров енді тек жемқорларды әшкерелеумен айналыспайды. Атауы өзгерген агенттікке қайта оралған Қожамжаровтың мойнында мемлекеттік аппаратты реформалау, тиімділігін арттыру міндеті тұр. Бұл үшін арнайы тұжырымдама қабылданған болатын. Осы құжатқа сай шенеуніктердің жұмысына бағалау жүйесі енгізіліп, мемлекеттік қызметке іріктеу тәртібі өзгертіліп жатыр. Мұны ашық әрі әділ өткізуді талап еткен Елбасы бюджет ақшасына қол салатындармен  күресті күшейтуге  пәрмен берді.