Жарияланды: 540

ҚР адам құқықтары жөніндегі толық құқылы өкілі Шығыс Қазақстан облысындағы абақтыларды аралайды

ҚР адам құқықтары жөніндегі толық құқылы өкілі Болат Байқадамов 22-25 шілде аралығында Шығыс Қазақстан облысын аралайды. Сапар барысында ол тәрбиелік-түзету колониясы мен әйелдер абақтысында болып , тұтқындардың хал-ахуалымен танысу, олардың құқығы мен бостандығының қамтамасыз етілу жағдайымен танысу үшін мекемелердің қызметкерлер құрамымен кездесу өткізіп, жеке бастық мәселелеріне қатысты азаматтарды қабылдайды. Бұл туралы адам құқықтары

жөніндегі Ұлттық орталықтан таратылған хабарламада айтылған. Сапар барысында адам құқықтары жөніндегі ҚР Ұлттық орталығының төрағасы Вячеслав Колюжный мен ҚР әділет министрлігінің қылмыстық атқару жүйесі комитетінің төрағасы Нұрлан Смағұлов толық құқылы өкілмен бірге жүреді. Сапар барысында делегация ОВ-156/22 әйелдер абақтысы мен Жаңғызтөбедегі ОВ-156/21 санды тәрбиелік-түзету колониясында болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть