Жарияланды: 510

ҚР Әділет министрі мемлекеттік органдардың басшыларынан заң жобаларын келісу жұмыстарын жеделдетуді сұрады

Астана. 12 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Әділет министрі Зағипа Балиева мемлекеттік органдардың басшыларынан заң жобаларын келісу жұмыстарын жеделдетуді сұрады. Бұл туралы еліміздің әділет министрі бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Барлықтарыңыздан осы жұмысты жеделдетуді сұраймын. Өзара қандайбір сұрақтар болса, жұмыс барысын күшейту қажет", -деді З.Балиева. "Қазір 27 заң жобасы мемлекеттік органдардың келісімін алу сатысында жатыр". "Осындай келісімнен кейін заң жобасы үкімет басшысының кеңсесіне, сосын президент әкімшілігіне беріледі, ал тамыз - қыркүйек айларының ішінде парламентке тапсырамыз. Осы процесстер уақытында жүргізіледі деп сенемін", -деді министр. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін