«Біз ұсынған әдістемелік нұсқаулардың негізінде тұжырымдамаларды дайындау әдістемесі жасалды», — деді З. Балиева.
Оның айтуынша, Әділет министрлігі енді «тұжырымдамаларды ғылыми және экономикалық дәйектемесіз және халықаралық тәжірибемен тексерусіз қабылдамайтын болады».
«Қыркүйектің 10 мен қазанның 20 аралығында біз барлық мемлекеттік органдардың тұжырымдамасын қайта қарайтын боламыз. Дүйсенбі күні мекемеаралық комиссияның кеңейтілген отырысы болған кезде біз осы мәселеге қайта ораламыз», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті