ҚР Ақтөбе қаласы және ҚХР Қарамай қаласы арасындағы достық қарым-қатынастың орнағандығы туралы келісімге қол қойылды
«Мега Ақтөбе» сауда-ойын сауық кешенінде Ақтөбе (Қазақстан Республикасы) және Қарамай (ҚХР, Шыңшаң-Ұйғыр Автономиялық өлкесі ) қалалары арасындағы достық қарым-қатынастың орнағандығы туралы келісімге қол қойылды. |
Құжатқа қала әкімі Архимед Мұхамбетов пен Қарамай қаласы мэрінің орынбасары Чжао Ушен қол қойды.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, тараптар экономика, мәдениет пен спорт, сондай-ақ білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы халықаралық қарым-қатынасты дамытуды жүзеге асыруға, осы салалардағы мамандар арасындағы тәжірибе алмасу мен біліктілігін арттыруға көмектесуге міндеттелді.
Келісім ұдайы қарым-қатынасты қолдауды да көздейді. Сондықтан Қытай тарапы Ақтөбе делегациясын кез келген ыңғайлы уақытта Қарамай қаласына келуге шақырды.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін