«Мөлшерлеме тек ынталандыру мен бәсекелестікке қабілетті отандық мал тұқымын өсіруді қолдау үшін ғана емес, басқа елдерден жоғары өнімді мал импорттау үшін де жасалатын болады»,- деді А. Есімов.
Ауыл шаруашылық министрі 2007 жылы елімізге Канадан 1,5 мың жоғары өнімді қысыр мал әкелініп, Ақмола облысының «Родина» ЖШС мен Солтүстік Қазақстан облысындағы «Зенченко и К» коммадиттік серіктестігіне лизингке берілгендігін еске сала кетті.
«Мұндай жұмыстар осы жылы да өз жалғасын табатын болады. Осындай әдіспен жоғары өнімді 30 мың бас мал әкеліп, еліміздің өңірлерінде 20 ірі сүт-тауарлық кешендер құру көзделуде. Қазіргі уақытта бұл жобаға әлеуетті қатысушыларды таңдау жүргізіліп жатыр»,- деп мәлім етті, А. Есімов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті