«Астықтың шығымы биыл біздің өткен жылғы деңгейде өнім экспорттай алатындығымызды көрсетіп отыр», — деп атап өткен А. Есімов былтыр 9 млн тонна астық шетелдерге шығарылғанын еске салды.
Сонымен бірге министрдің пікірінше, «астық экспортына рұқсат беру керек». «Астық экспорты тұрақты қадағалау аясында», — деді А. Есімов. Ауылшаруашылығы министрі қазіргі бар астық қоры елдің ішкі сұранысын қамтамасыз етуге жеткілікті екенін атап өтті.
«Мен бүгін 12,5 млн тонна астық бар екенін, алдағы уақытта егіс алқаптарының тағы 40%-інен өнім жинау қажет екендігін және бұл ішкі сұранысты қамтамасыз етуге толық жететінін айта аламын», — деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті