ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2008 жылы негізгі ауылшаруашылық өнімдері түрлерін қаражаттандыру көлемін ұлғайтады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
16 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі  2008 жылы  негізгі  ауылшаруашылық өнімдері  түрлерін қаражаттандыру көлемін ұлғайтады

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2008 жылы негізгі ауылшаруашылық өнімдері түрлерін қаражаттандыру көлемін ұлғайтады

Астана. 22 қараша. "Қазақстан Бүгін " - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2008 жылы аса қажетті ауылшаруашылық өнімдері түрлеріне бөлінетін қаржы көлемін ұлғайтады. Бұл туралы бүгін, аграрлық ғылым және агноөнеркәсіптік кешеннің стратегиялық даму департаментінің директоры Берік Оспанов, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің алқа мәжілісі барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 22 Қараша 2007
  • 434
Фото - Caravan.kz

«Өсімдік өсіруде жанар-жағармай , минералды тыңайтқыштар, өсімдіктерді дәрілеу мен гербицидтерге 2007 жылы бөлінген 12 млрд тенге көлемі сақталып, дифференциациялау жасалады. Өсімдік түрлерін өсіруі, олардың тиімділігі мен ішкі нарықтағы сұранысына қарай қаржыландыруы есептелініп, ұлғайтылатын болады «, — деді Б. Оспанов.

Оның сөздеріне қарағанда, осыған орай, алдағы жылы қант қызылшасының 1 га себу субсидиясы 2 мың теңгеден (биылғы жылдың ақшасы) 11 мың теңгеге көбейтіледі. «Мұндай қадам өндірістерді шикі зат ақ қантпен қатмамасыз ету мәселесін шешу үшін жасалуда», — деп түсіндірді ол.

«Майлы дақылдар мен күнбағыс майын қаржыландыру көлемі 2007 жылғы деңгейде қалдырылады (1 гектарға 1200 теңге)», — деді директор. Оның айтуынша, бұл «отандық шикізаттан шығарылатын май өнімін ұлғайту қажеттілігінен жасалуда».

Оның ақпараты бойынша,»жүгері бидай өндірісіне жұмсалған жоғары шығын деңгейі мен оның төмен табысын есептегенде, мемлекет тарапынан оның 1га 1580 теңге қолдау ретінде бөліп отыр». Сондай-ақ, көкөніс -бақша өнімдері, картоп аса қажетті өнімдер тізіміне кіргізілген.

Сонымен қатар, министрлік өкілінің атап өткеніндей, қаржы мөлшері жалпы ұлғайтылмағанымен, 2007 жылмен салыстырғанда егіс алқаптары мен өнімдер тізімі кеңейтіліп, алдағы жылы кейбір түрлері бойынша субсидиялар көлемі азайтылады. Б. Оспановатың сөздері бойынша, көкөніс дақылдарының қаржыландырылуы ( 1 га 9000 — 8000 теңгеге ), дәнді дақылдар (1 га 660 — 556 теңгеге), жемшөп дақылы( 1га 1050 ден 768 теңгеге), күріш (1га 6740 тан 6253 теңгеге дейін), сондай-ақ, жеміс-жидек (1га 4000 -3000 теңгеге), жүзім (1 га 4500- 3500 теңгеге) өзгерді. «Мақтаға бөлінген қаржы 2007 жылғы деңгейде қалдырылды, 1 га- 5000 теңге мөлшерінде», — деді Б. Оспанов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті