ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ішкі нарықта күзде астық бағасы өседі деп болжайды
![]() |
Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ішкі нарықта күзде астық бағасы өседі деп болжайды. Бұл туралы еліміздің ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев бүгін үкіметте өткен селекторлық жиын барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. |
"Биыл бізде Ресеймен салыстырғанда жоғары сапалы бидай өндіріледі. Ағымдағы жылы астықтың 70% астам бөлігі үшінші кластан жоғары болмақ", - деді А. Күрішбаев. Оның айтуынша, "көршілес Орталық Азия республикалары мен Иран тарапынан Қазақстан астығына деген сұраныс өсе түсуде. Сол себепті ішкі нарықта күзде баға өседі деп ойлаймыз",- деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін