Жарияланды: 540

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сәтпаев атындағы каналды мемлекеттік мекеме түрінде қайта құруды қолдайды

Астана. 9 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі Сәтпаев атындағы каналды мемлекеттік мекеме түрінде қайта құруды қолдайды. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында "Қазақстан Республикасының Қылмыстық және Су кодекстеріне бөгендердің қауіпсіздігі мен жерлерді суғару мәселелері бойынша өзгерістер мен мен толықтырулар енгізу туралы" заң

жобасын талқылау барысында ҚР Ауылшаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. "Біз Сәтпаев атындағы каналды мемлекеттік мекеме түрінде қайта құруды ұсынамыз. Бұл - кәсіпорынның қаржылық тауқыметтерін шешудің жалғыз жолы", - деді А. Күрішбаев. "Бірақ, өкінішке орай Экономика министрлігі бізді қолдамады", - деді ол. "Келесі жылдың бюджеті қазір парламентте қаралып жатқан кезде біз осы мәселеге назар аударуды және Сәтпаев атындағы каналдың бұдан былайғы жұмысына қолдау көрсетуді сұраймыз", - деді министр. Оның пікірінше, "Сәтпаев каналы бойынша тарифтерді де қайта қарау керек". "Энергия құны өсе түсті, ал ол су ресурстарының құрылымында 50 пайызына тең", - деді ол. Өз кезегінде ҚР АШМ су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев журналистерге мәлімдемесінде, "су құбыры кәсіпорындарының каналдың алдындағы 67 млн теңге көлеміндегі берешегі өтелмеген жағдайда "Қарағандыға су жіберу көлемі 70%-ға дейін шектеледі",- деді. "Егер бұдан былай да төлемдер жасалмаса, су жіберу доғарылады. Біз одан әрі төзе алмаймыз", - деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть