Жарияланды: 630

ҚР бас прокуратурасы сот билігін өзіне бағындыруды көздемейді - ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары И.Рогов

ҚР бас прокуратурасы сот билігін өзіне бағындыруды көздемейді . Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары - президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы И.Рогов хабарлады.

Бұдан бұрын да хабарланғанындай, ҚР судьялар Одағы ҚР президенті әкімшілігі төрағасының орынбасары - президент әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің бастығы И.Рогов , ҚР Жоғары сотының төрағасы Қайрат Мәми, ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбеков пен басқа да бірқатар жоғары лауазым иелеріне мәлімдеме жолдап, онда судьялар іс-қызметіне бақылау қою схемасы төңірегіндегі бас прокуратураның ұсыныстарына қарсылық білдірілген болатын. Мәлімдеме авторларының пайымдауынша, судьяларды аттестациялау тәртібін енгізу, оларды тәртіптік жауапкершілікке тарту ережесін жеңілдету, Жоғары сот Кеңесі мен Әділет министрлігінің Квалификациялық коллегиясындағы сот өкілдігін азайту, Жоғары сот Кеңесіне Республикалық тәртіптік-квалификациялық судьялар коллегиясының шешіміне байланысты шағымдарды қарау құқығын беру секілді ұсыныстар Сот билігінің тәуелсіздігі мен Судьяның төтенше мәртебесіне қол сұғу болып табылады. Сонымен бірге, судьяларды ауық-ауық аттестациялап отыру туралы ұсыныс ҚР Конституциясының Қазақстан соттары түрақты соттардан құралады деген талабына қайшы ,- делінген мәлімдемеде. И.Роговтың атап көрсеткеніндей, сот жүйесіне кейбір өзгерістер енгізу туралы бас прокурордың бірқатар ұсынысын , атап айтсақ, жасырын дауыс беру туралы ұсынысты, Жоғары сот қолдады. Ал басқа ұсыныстар талқылауды талап етеді. Сонымен бірге И.Рогов сотты әкімшілік шаралармен қандай да бір мемлекеттік мекемеге тәуелді болдыруға болмайды деген тезисті құптайды. "Алайда өзіндік көзқарас ұстануға бас прокурордың да құқығы бар. Бірақ онымен біздің келіспеуімізде ешбір оғаштық немесе қорқыныш жоқ",- деді И.Рогов. "Жоғары сот төрағасының басқаруымен құрылған жұмыс тобы барлық даулы мәселені жолға қойып, біз өзара пәтуаға келеміз дегенге сенім білдіремін",- деді ол.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть