Жарияланды: 400

ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық шешімдері алқалы түрде ашық қабылданады - Есенбаев

Астана. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық шешімдері алқалы түрде ашық қабылданады. Бүгін бәсекелестік туралы заң жобасы талқыланған "дөңгелек үстел" барысында ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы М. Есенбаев осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Монополияға қарсы күресуші Бәсекелестікті қорғау агенттігінің құрылымында бір-бірінен тәуелсіз бес адамнан құралған басқармалар институты құрылады", - деді М. Есенбаев. Соның нәтижесінде басты қызмет мәселелері бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау агенттігінің барлық шешімдері алқалы түрде ашық қабылданады, деді агенттік басшысы. "Бұл тәжірибе антимонополиялық орган тарапынан шешім қабылдауда субъективизмнен мейлінше алшақ болуға мүмкіндік береді", - деді М.Есенбаев. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін