ҚР білім және ғылым министрі оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР білім және ғылым министрі оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады

ҚР білім және ғылым министрі оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев оқушыларды соңғы қоңыраумен құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

  • 25 Мамыр 2016
  • 413
Фото - Caravan.kz

Елордадағы №75 гимназияның салтанатты шарасында БҒМ басшысы бірінші кезекте мектеп түлектеріне қарата сөз айтты. "Сіздер жаңа әлемге қадам басасыздар. Бұл әлем тіпті басқа болады — меніңше, университеттің бірінші курсында сезесіздер. Бар айтқым келетіні — сіздер керемет мектепті тәмамдадыңыздар, жақсы білім алдыңыздар. Барлығыңызға ҰБТ-да сәттілік тілеймін, елдің, шетелдің үздік ЖОО-ларына түсуді тілеймін. Керемет мамандық таңдауларыңызға тілектеспін. Біздің ұлы ғалымдарымыз, ұлы жазушыларымыз, ұлы инженерлеріміз болсын", — деді Сағадиев.


Айта кетейік, №75 мектеп-гимназияны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылдың 1 қыркүйегінде ашқан болатын. Гимназияда "Эрудит" деп аталатын ғылыми қоғам бар, мұнда оқу-білімге мотивациясы жоғары деңгейдегі балалармен жұмыс жүргізу қолға алынған. 

Толығырақ:
https://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/kr-blm-jane-gyilyim-ministr-okushyilardyi-songyi-konyiraumen-269936/