ҚР бір топ мәжіліс депутаттары Байқоңырға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бір топ мәжіліс депутаттары Байқоңырға келді

ҚР бір топ мәжіліс депутаттары Байқоңырға келді

Байқоңыр. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР бір топ мәжіліс депутаттары Байқоңырға келді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 27 Маусым 2008
  • 492
Фото - Caravan.kz

Депутат Бекен Әлімжанов жетекшілік ететін парламент мәжілісінің әртүрлі комитеттерінен жиналған 18 депутат келді. Қазақстан делегациясының құрамында Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы бас консулы Борислав Мещанинов пен Ұлттық ғарыш агенттігінің статс-хатшысы Ерғазы Нұрғалиев та бар.

Бүгін Байқоңыр қаласының әкімшілігінде ресми қабылдау болды. Оған қала әкімшілігінің басшысы Александр Мезенцев, Қызылорда облысының әкімі әрі Қазақстан Республикасының президентінің Байқоңыр кешеніндегі арнайы өкілі Болатбек Қуандықов, Қазақстан және Ресей ұйымдарының жетекшілері қатысты. Қабылдау барысында Байқоңырдағы Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының әлеуметтік-экономикалық перспективасы жөніндегі мәселе талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті