18-19 ақпан аралығында өтетін ЕЭК кеңесінде Еуразия экономикалық одағы туралы келісімшарт жобасымен жұмыстар жүргізу барысы туралы мәселелерді талқылау жоспарлануда.
Сондай-ақ Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікті одан әрі дамытудың басқа да өзекті мәселелері қаралатын болады. Атап айтқанда, комиссия мүшелері сауда саясаты, техникалық реттеу, өнеркәсіп және АӨК, табиғи монополиялар, көлік, коммуникациялар және басқа да мәселелерді талқылайды.