Баспасөз қызметі хабарлағанындай, Венада өткізілген шаралар аясында Қазақстан делегациясын басқарған депутат Мұхтар Тінікеев ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы күрес жөніндеге арнайы өкілі Ева Биадетпен кездесті. Кездесу барысында екі жақты, көп жақты қарым-қатынастар мәселесі мен Қазақстан парламентінің адам саудасына қарсы күрес жөніндегі заңнамалық қызметі талқыланды.
Баспасөз қызметінің ақпаратты бойынша, ЕҚЫҰ арнайы өкілі Қазақстанның әлеуметтік -экономикалық және гуманитарлық саясатына жоғары баға беріп, «Қазақстанның алдағы жылдары ЕҚЫҰ төрағалық қызметін атқаруы аймақтағы өзекті мәселелерді, сондай-ақ ЕҚЫҰ адам саудасына қарсы күрес жөнінде арнайы өкілдігінің тұжырымдамасын шешуге септігін тигізеді», деді ол.
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ төрағалық жасауы және Орталық Азия ынтымақтастығында әлеуметтік және гуманитарлық мәселесінің аса маңызды болуына орай, Қазақ делегациясы ЕҚЫҰ бөлімшелерін мемлекеттік ықтымақтастық саясатындағы басты қағидалары мен ел басшысының Қазақстан халқына жолдауы жөнінде нақты ақпарат берді.
Адам саудасына қарсы жаһандық науқан аясында БҰҰ бастауымен жүргізілген үлкен форуымды Австриялық депутаттар мен беделді халықаралық ұйымдар, БҰҰ адам құқығы жөніндегі бас комиссарының басқармасы, БҰҰ әйелдер қоры, Халықаралық еңбек ұйымы, Халықаралық көші-қон ұйымы, халықаралық валюта қоры, Әлемдік банк, ЕҚЫҰ, БҰҰ есірткі және қылмыстар жөніндегі басқармасы, БҰҰ Балалар қоры ұйымдастырды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті