«Қазір жұмыс бабындағы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Біз оны 30 маусымға дейін аяқтаймыз деп ойлаймын», — деді С. Мыңбаев.
ҚР ЭМРМ басшысы осы келіссөздердің барысында » Қашаған кенішін игеруге дайындау бюджетіне қатысты мәселелер талқыланып жатқанын» еске салды. «Біз олар эксперименттік фаза бойынша 31 маусымға дейін егжей-тегжейлі бюджетті береді деп келістік. Олар оны бізге берді, біз өз қарсылықтарымызды білдірдік», -деді министр.
«Қазір осы келіспеушіліктер талқылануда», — деді ол.
«Ал өнім өндіре бастау жылдарына қатысты мәселе — жоба бюджетінің бір құрамды бөлігі. Егер өнім өндіру мерзімі кейінге шегерілетін болса, онда ол көп нәрсеге әсер ететіні түсінікті. Қазір осы көп мәселенің жайы талқыланып жатыр», -деді С. Мыңбаев.
«Мен қазір келіссөздердің нәтижесіне алын-ала түсініктеме бере алмаймын, 30 маусымға дейін аз ғана уақыт қалды», — деді ҚР ЭМРМ басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті