ҚР Энергетика министрі дизель отыны қашан арзандайтынын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Энергетика министрі дизель отыны қашан арзандайтынын айтты

ҚР Энергетика министрі дизель отыны қашан арзандайтынын айтты

Қазан айынан бастап дизель отынының бағасы төмендейді.

  • 20 Қыркүйек 2016
  • 435
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті.

«Өздеріңіз білесіздер, екі ай бұрын дизель отынына қатысты тиісті шешім қабылдадық. Қазіргі таңда отын бағасы нарықтағы жағдайға байланысты қалыптасады, егер де нарықта сұраныс жоғары болса, баға көтеріледі. Дизель отыны бізде де өндіріледі, сондай-ақ Ресейден де жеткізіледі. Дизель бағасы бойынша ағымдағы ай күрделі болады, өйткені бүгінде отынның көп бөлігі ауыл шаруашылығына бағытталуда.  Атап айтқанда, биыл елімізде астық шығымдылығы да жоғары»,-деді министр Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Осы ретте ол дизель отынының бағасы қашан төмендейтінін жеткізді.


«Менің ойымша, келесі айдан бастап дизель отынының бағасы төмендеуі мүмкін. Себебі, сол кезде сұраныс та азаяды»,-деп түйіндеді сөзін Қанат Бозымбаев.

Соңғы жаңалықтар