«Мемлекеттің сыртқы қаржылық бақылауы бойынша біртұтас әдістемелік орталығы өкілеттігін беру кезінде Есеп комитеті мен мәслихаттардың ревизиялық комиссияларының тиімді өзара ықпалдастық тәртібін қарастыру керек», — деп мәлімдеді О. Өксікбаев.
Ол тиісті ұсыныстар үкіметке жолданғанын атап көрсетті. Атап айтқанда, Есеп комитетінің аясында сыртқы қаржылық бақылау жөніндегі біртұтас әдістемелік орталық құру бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуді ұсынып отыр.
«Есеп комитетіне мәслихаттың ревизиялық комиссиясы туралы типтік ережелерін (өзіндік ережелерді жасауға қажетті нұсқамалық сипаттағы), сондай-ақ, жергілікті бюджеттердің атқарылуын сырттан бақылауды жүзеге асыруға қатысты әдістемелік нұсқауларды бекіту құзыретін бекітіп беруде көзқарастардың бірлігі қамтамасыз етіледі»,- дейді Есеп комитетінің төрағасы.
Сонымен қатар «мемлекеттік (біріктірілген) бюджеттің атқарылуын сырттан бақылауды жүзеге асыру қорытындысы бойынша біріккен есеп дайындау тәжірибесін енгізу» ұсынылып отыр. О.Өксікбаевтың пікірінше, бұны «мәслихаттардың ревизиялық комиссияларының есептерін Есеп комитетіне жинақтау және талдау үшін жіберу тетіктері енгізу» арқылы іске асыруға болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті