ҚР ИДМ геологиялық барлауға жаңа инвестиция тартады - kaz.caravan.kz
  • $ 459.6
  • 493.06
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ИДМ геологиялық барлауға жаңа инвестиция тартады

ҚР ИДМ геологиялық барлауға жаңа инвестиция тартады

ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев Жапонияның «JOGMEG» мұнай, газ және металл жөніндегі ұлттық компаниясының басшылығымен кездесті.

  • 27 Қазан 2015
  • 328
Фото - Caravan.kz


Кездесу Жапонияның Премьер-министрі Синдзо Абенің Қазақстанға ресми сапары аясында өтті. 

Тараптар Қазақстанда алдын ала геологиялық зерттеулер жүргізу бойынша бірлескен жобаға қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды ҚР ИДМ баспасөз қызметінен. 
«JOGMEG» мен «Қазгеология» геологиялық барлау компаниясы жұмыстарын келесі жылы көктемде Қарағанды облысының Қыземшек және Қостанай облысының жаңарқалық иттрий кеніші учаскесінде бастайды. Жоба 3 жылға жоспарланған.
Сондай-ақ тараптар Қазақстанда сирек кездесетін металдарды өңдеу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастыруға уағдаласты. Бұл мәселені жан-жақты талқылау үшін компания деңгейінде жұмыс тобы құрылып, қосымша кездесу өткізіледі.

ҚР ИДМ өткен кездесу қорытындысы бойынша жапониялық «JOGMEG» корпорациясы мен «Қазгеология» АҚ пайдалы қазбалар саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
Индустрияландыру бағдарламасы аясында геология және жер қойнауын пайдалану саласында әлемдік ірі компаниялардың қатысуымен жобалар қолға алынды. Атап айтқанда, австралиялық-британиялық концерн «RioTinto», оңтүстіккореялық «Korea Resources Corporation», австралиялық «Iluka Resources Limited» компаниясы мен неміс инвестициясы «Ulmus Fund» жеке қорының қатысуымен геологиялық барлау жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар