ҚР ІІМ 70 мыңға жуық қызметкері құттықтаулар қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+30 °C
Алматы
2024 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ 70 мыңға жуық қызметкері құттықтаулар қабылдады

ҚР ІІМ 70 мыңға жуық қызметкері құттықтаулар қабылдады

Ішкі істер министрлігі полиция күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізді,

  • 23 Маусым 2011
  • 1793
Фото - Caravan.kz

деп хабарлайды ҚР ІІМ баспасөз қызметі.

9 жыл бұрын қабылданған «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» Заңы еліміздің полиция қызметкерлерінің құқықтық мәртебесін, ұйымдық құрылымын реттеп, нәтижесінде оның қоғам мен мемлекеттегі орны мен рөлін айқындап берді.

Ішкі істер органдарының қызметкерлері бұны халық алдындағы жауапкершіліктің жаңа деңгейі, құқық қорғау сақшыларының мемлекетке сіңірген еңбегін бағалау деп қабылдады. Бұл өз қызметіне адал болып, қоғамның сеніміне ие болған біздің ардагерлерімізге деген құрмет көрсету болып табылады. Бұл осынау бейбіт өмірде қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірлерін құрбан еткен полиция қызметкерлеріне деген естелік іспеттес.

Бүгінгі таңда Ішкі істер министрлігі — 70 мыңға жуық қызметкері бар еліміздің ең ірі және көпқұрылымды мемлекеттік органы. Полиция қызметкерлері тәулік бойы, табиғаттың кез-келген қолайсыздықтарына қарамастан құқықтық тәртіпті сақтап, азаматтарды құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғап келеді.

Осы жылдар ішінде қызметтік борышын орындау кезінде көрсеткен адал қызметі, ерлігі және қайсарлығы үшін 810 полицей мемлекеттік наградалармен, оның ішінде 77-і — қайтыс болғаннан кейін марапатталды.

Бүгін «Отан-Ана» монументіне гүлтәжін қою рәсімі өтті. Ол рәсімге ІІМ орталық аппаратының қызметкерлері мен ішкі істер органдарының ардагерлері қатысты.

Құрметті қарауыл ротасы салтанатты маршпен жүріп өтіп, қатысушылар қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқандардың құрметіне минөттік үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты жиналыста Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қызметтік міндеттерін орындау барысында ерекше көзге түскен қызметкерлерге ведомстволық наградалар тапсырды. Салтанатты іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Ішкі істер органдарының аймақтық бөліністерінде де қазақстандық полиция күніне арналған салтанатты іс-шаралар өткізілді.