«Бұл мемлекетте жүргізіліп жатқан әкімшілік реформаға байланысты. Әкімшілік комитетінің төрағасы лауазымы жарты жылға жуық вакантты болып келген. Генерал Оразалиевтің жоғары кәсіби тәжірибесін ескере отырып, оны осы лауазымға тағайындау туралы шешім қабылданды»,- деп мәлім етті ішкі істер министрінің орынбасары Алик Шпекбаев.
Ол сондай-ақ, «генерал Байжасаров еліміздің ең күрделі аймақтарының бірі болып табылатын Шығыс Қазақстан облысында жұмыс істеген және де алға қойылған міндеттері табысты шеше білген» деп атап көрсетті. «Ол басшылық еткен кездерде полиция іс-қызметіне инновациялық технологиялар енгізіліп, материалдық-техникалық базалары жақсарған, барлық бастамалар Қостанай облысында өз жалғасын табатын болады»,- деп хабарлады А. Шпекбаев.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, М. Оразалиев Қостанай облысының ішкі істер департаментін өткен жылдың қараша айынан бері басқарып келген, ал Б. Байжасаров Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің лауазымында 2005 жылдың наурызынан бері қызмет еткен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті