Жарияланды: 390

ҚР ІІМ мектептерге ұстаздар мен қызметкерлерді қабылдауда мұқият іріктеу жүргізуді ұсынады

Астана. 1 желтоқсан. "Қазақстан бүгін"- ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов мектептерге ұстаздар мен қызметкерлерді мұқият іріктей қабылдау қажет деген пікірде. Бұл туралы ол бүгін үкіметте өткен селекторлық кеңесте айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Білім беру мекемелері мен мектеп әкімшілігі ұстаздар мен қызмет көрсетуші қызметкерлер құрамын жасақтауға мұқият қарағаны абзал. Қазір көптеген үміткерлердің тіпті бұрын сотталған-сотталмағаны да тексерілмейтін болды", - деді Б. Мұхамеджанов. Осыған байланысты ол осыдан бір ай бұрын Шығыс Қазақстан облысының Күршім ауданында кәмелеттік жасқа толмаған қызды зорлағаны үшін сотталған адамның жергілікті мектепке жұмысқа қабылданып, 5 сынып оқушысын тағы да зорлағаны туралы оқиғаны айтып берді. "Оқу орындарының басшылығы мектеп оқытушыларын жұмысқа қабылдауға баса назар аударуы қажет", -деді министр. Сонымен бірге ол ағымдағы жылдың қаңтар айында Алматыдағы №29 орта мектепте осы мектеп күзетшісінің өзімен бірге ала келген гранатасы жарылу оқиғасын еске салды. "Бұл күзетшіні ешкім де тексермеген, артынан белгілі болғанындай бұл адам тұрғылықты жері жоқ кезбе болып шыққан, соның салдарынан екі адам қаза тауып, бір кәмелеттік жасқа жетпеген бала зардап шекті. Оқиғаның зардабы бұдан да ауыр болар еді, бағымызға қарай, бұл граната түнде жарылды", - деді Б. Мұхамеджанов. Оның айтуынша, осы оқиғадан кейін ІІМ еліміздегі барлық жалпы білім беретін мектептерді тексеріп шыққан, соның нәтижесінде қызметкерлерлі жұмысқа қабылдаудағы көптеген заң бұзушылықтар анықталды. "Тексеру қорытындысы Білім және ғылым министрлігі мен облыс әкімдіктеріне тапсырылған, анықталған заң бұзушылықтар қазір жойылды", - деді ішкі істер министрі. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін