ҚР ІІМ орталық базасында саусақ іздерін нақты уақытта тексеруге мүмкіндік беретін орталықтандырылған жүйе құрылды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ орталық базасында саусақ іздерін нақты уақытта тексеруге мүмкіндік беретін орталықтандырылған жүйе құрылды

ҚР ІІМ орталық базасында саусақ іздерін нақты уақытта тексеруге мүмкіндік беретін орталықтандырылған жүйе құрылды

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 11-қыркүйек. АСТАНА. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінде ашылмаған қылмыс болған жерден алынған саусақ іздерін нақты уақытта ІІМ орталық базасы бойынша тексеруге мүмкіндік беретін "Папилон" орталықтандырылған автоматтаyдырылған дактилоскопиялық жүйе құрылды. Бұл туралы кеше өткен баспасөз мәслихатында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы Серік Исабаев мәлім етті, деп хабарлайды "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" агенттігінің тілшісі.

  • 11 Қыркүйек 2007
  • 1063
Фото - Caravan.kz

С. Исабаевтың айтуынша, базада 120 мың ізбен 1 млн 600 мыңнан астам дактилокарта есепте тұрады. «Автоматтандырылған идентификациялық жүйені енгізудің арқасында криминалистер дактилоскопиялық есепке алудың көмегімен қылмыстың ашылуын жалпы тіркелген қылмыс санының 9 пайызына дейін, немесе жылына 12 мыңға жуық қылмыстың ашылуын қамтамасыз етеді»,- деп атап көрсетті ол.

Сонымен қатар, С. Исабаев «Бейне+» фотобейне мәліметтер базасы бойынша автоматтандырылған заманауи іздеу технологиясының енгізілгендігін» хабарлады. «Жылына орта есеппен осы есепке алу түрімен 9 мыңнан астам қылмыс ашылады, бұл жылына тіркелген қылмыстардың жалпы санының 7 пайызын құрайды»,- деп атап өтті С. Исабаев.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің жедел-криминалистикалық департаментінің бастығы, «үстіміздегі жылы бұл жүйе Ақтөбеде, Қостанайда, Батыс Қазақстан облысынды және Оңтүстік Қазақстан облысында 52 млн теңгеден астам сомаға модернизациялау жүргізілгендігін» айтып өттті. «Келесі жылы аталмыш жүйені модернизациялау үшін 190 млн теңге бөлу жоспарланып отыр», — деп нақтылап өтті Серік Исабаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті