Жарияланды: 370

ҚР ІІМ Қазақстандағы АҚШ елшісімен кездесті

Алматы. 14 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ІІМ Бауыржан Мұхамеджанов Қазақстандағы АҚШ-ның төтенше және өкілетті елшісі Джон Ордвеймен оның еліміздегі миссиясы аяқталуға байланысты кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР ІІМ штабының халықаралық ынтымақтастық басқармасы орталығына сілтеме жасап.

ІІМ-нің хабарлауынша, кездесуге қатысушылар еекі жақты ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын талқылап, тараптардың кейінгі жылдары Қазақстанның ішкі істер органының іс-қызметін жетілдіруге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруда қол жеткізілген айтарлықтай жетістіктерді атап өтті. "Кездесу дәстүрлі өзара түсіністік және конструктивтік диалог ауанында өтті. Кездесу соңында Б. Мұхамеджанов Дж. Ордвейге Қазақстан мен АҚШ арасындағы диалог пен серіктестікті нығайтуға тікелей салмақты үлес қосқаны үшін шынайы ризашылық білдіріп, әріқарай табыс тіледі", -деп хабарлайды ІІМ. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть