«Мен Қазақстанның барлық азаматтарын ескертейін деп едім — егер тіпті жол полициясы қызметкерлері сіздерден пара бопсалап жатса да, сіз оларға бермеңіз, өйткені, сіз солай қармаққа ілініп қалуыңыз әбден мүмкін, бұл арандатушылық болуы, ол жерде ІІМ-нің ішкі қауіпсіздік бөлімшелері жұмыс істеп жатуы әбден ықтимал», -деді Б. Мұхамеджанов.
«Біз қазір тек өз қызметкерлерімізге қатысты ғана емес, осы параны беретін азаматтарға қатысты да жұмыс істеп жатырмыз», — деді ол.
«Олар тіпті пара бопсалап жатса да оны беруге болмайды: сен ереже бұзсаң онда соған сай жауапкершілікті жүкте. Олай болмаған күнде, егер сен ақша беріп құтылып кетем деп ойласаң, онда сол үшін қамауға алынуың мүмкін», -деді министр.
Оның мәліметінше, «еліміздің 85 азаматы қазір жол полициясы инспекторларына пара беру дерегі үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғалы жатыр».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті