ҚР ІІМ-нің басшылығы учаскелік инспекторлардың жалақысын 40 мың теңгеге дейін көтермекші - kaz.caravan.kz
  • $ 474.62
  • 517.19
+31 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР ІІМ-нің басшылығы учаскелік инспекторлардың жалақысын 40 мың теңгеге дейін көтермекші

ҚР ІІМ-нің басшылығы учаскелік инспекторлардың жалақысын 40 мың теңгеге дейін көтермекші

ҚР ІІМ-нің басшылығы 2004-жылы полиция құрамындағы ең ірі бөлімшелердің бірі - учаскелік инспекторлардың жалақысын екі еседен артық, басқаша айтқанда 40 мың теңгеге дейін көтермекші. Бұл туралы бүгін, 19-қарашада KZ-today тілшісіне берген сұхбатында ҚР ІІМ Зауытбек Тұрысбеков мәлімдеді. Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа жетпегендердің ісімен айналысушы инспекторлардың жалақысын қосу мәселесі де қаралу үстінде.

  • 19 Қараша 2003
  • 1010
Фото - Caravan.kz

З.Тұрысбековтың айтуынша, аталмыш жұмыс полиция қызметкерлерінің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру шараларының аясында атқарылып отыр. Осы орайда министр «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауына сәйкес 2004-жылдың 1-қаңтарынан бастап елімізде барлық мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы 50 процентке қосылатынын да естен шығармауды» ескерте кетті.

Сондай-ақ, ауыр қылмыстардың алдын алу және оларды әшкерелеуде ерекше көзге түскен полиция қызметкерлерін ақшалай сыйлықтармен марапаттау арқылы ынталандыру жұмыстары да басталады. «Жуырда ғана менің бұйрығым бойынша Қарағанды қаласында кепілдікке алынған баланы тұтқыннан босату шарасын табыспен жүзеге асырғаны үшін қылмыстық полицияның үш офицерінің әрқайсысы 75 мың теңге көлеміндегі сыйлықпен марапатталды. Сонымен бірге Қарағанды облыстық ІІББ бастығының бұйрығына сәйкес тағы да осы операцияға қатысқан 6 қызметкердің әрбіреуі 20 мың теңгеден марапатқа ие болды»,- деді министр. «Қызмет бабындағы міндеттерін орындауда жоғары кәсіби шеберлік пен ерлік танытқан қызметкерлерді бұдан былай да материалдық тұрғыда ынталандырып отыру шарасын қолданамыз»,- деп атап көрсетті ол.
Қажетті қаржылық құралдар басқарушы құрылым мен оның штат санын оңтайландыру, ІІМ-нің иелігіндегі қаржыны үнемдеу және мейлінше тиімді пайдалану есебінен табылғалы отыр. Атап айтсақ, министр «ҚР ІІМ-нің Орталық аппаратының әкімшілік шығындарын қысқарту туралы » бұйрыққа қол қойды. Бюджет қаржысын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатымен автоматты қалааралық және ұялы байланысты тұтынуға, кеңсе тауарлары мен қызмет бабындағы көліктерді пайдалануға шектеу қойылды. Осындай бұйрықтар барлық аумақтық және көліктегі ІІБ-на берілді.