Жарияланды: 420

ҚР Индустрия және сауда министрлігі жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді ретке келтіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулердің жобасын жасады

Астана. 10 қараша. "Қазақстан Бүгін" - ҚР Индустрия және сауда министрлігі жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді ретке келтіру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулердің жобасын жасады. Бұл туралы бүгін "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке кәсіпкерлік саласындағы тексерулерді оңтайландыру және ретке келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының тұжырымдамасын талқылауға бағытталған

дөңгелек үстел барысында ҚР Индустрия және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Рустам Ақбердин мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі. " USAID қорымен бірлесе жасалған заң жобасының тұжырымдамасы Қазақстанда кәсіпкерлік субьектілерінің тексерулері жүйесін ретке келтіруге мүмкіндік береді. Заң жобасында республиканың 67 заңы мен 8 кодексіне өзгеріс енгізу қарастырылған", -деді Р. Ақбердин. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін