ҚР кейбір аймақтарында ауа райының қолайсыздығынан көліктің жүруіне тағы да бес күн тыйым салынуы мүмкін -ТЖМ - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР кейбір аймақтарында ауа райының қолайсыздығынан көліктің жүруіне тағы да бес күн тыйым салынуы мүмкін -ТЖМ

ҚР кейбір аймақтарында ауа райының қолайсыздығынан көліктің жүруіне тағы да бес күн тыйым салынуы мүмкін -ТЖМ

Астана. 4 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР кейбір аймақтарында ауа- райының қолайсыздығынан көліктің жүруіне тағы да бес күн тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ТЖМ жедел әрекет ету және әскери бөлімшелерінің азаматтық қорғаныс департамент директорының орынбасары Александр Федоренко бүгін өткен баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 4 Қаңтар 2008
  • 476
Фото - Caravan.kz

«Қалық қардың салдарынан Алматы облысындағы жағдай ауыр. Оңтүстік Қазақстан облысының Шыбықбел асуында көлік қозғалысы тоқтатылды. Сонымен қатар, қатты аяздан Астана, Акмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының жолдары жабылды», деді А. Федоренко.

«Кейбір облыстарда ауа температурасы 30 градус деңгейінде сақталып тұр, ал түнде 40 градусқа дейн төмендеуі мүмкін дегенді ауа райын болжаушылар топшылап отыр. Осыған байланысты ТЖМ елдімекендерден әсіресе, балалармен бірге жолға шығу қауіпті екенін ескертеді», — деп атап өтті А. Федоренко.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 24 желтоқсаннан бастап ТЖМ Жамбыл, ОҚО, Алматы және тағы да басқа облыс жолдарын қардан тазалау жұмыстарын жүргізуде.

«Бүгінде Алматы облысындағы Үшарал-Достық жолында қардың құрсауында қалған 25 көліктің жағдайы ауыр», — деді департамент директорының орынбасары. Сонымен бірге, «барлық жолаушылар мен көлік жүргізушілер жылы жерге орналастырылып, азық-түлікпен қамтамасыз етілген».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті