ҚР кезектен тыс сайлауына 5 кандидат ұсынылды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР кезектен тыс сайлауына 5 кандидат ұсынылды

ҚР кезектен тыс сайлауына 5 кандидат ұсынылды

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына 5 кандидат ұсынылды, деп хабарлады ҚР Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.

  • 4 Наурыз 2015
  • 344
Фото - Caravan.kz

«2 наурызда Асқар Жорабайұлы Сырғабаев өзін-өзі ұсыну тәртібімен өз кандидатурасын ұсыну туралы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына өтініш берді.  3 наурызда сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен Сафиолла Қалабайұлы Алдажанов, Лимана Қойшиева, Бақыт Төлегенұлы Абдукаримов және Сухраб Аминжанұлы Мырзашов өз кандидатураларын ұсынды.  Осылайша, қазіргі сәтте сайлау науқаны барысында бес үміткер ұсынылды. Олардың біреуі — әйел», — делінген хабарламада.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 54-бабы 2-тармағына сай, Президенттікке кандидаттың Конституция мен «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң қоятын талаптарға сәйкестігін Орталық сайлау комиссиясы өзін-өзі ұсыну туралы өтініш берілген сәттен бастап бес күннің ішінде анықтайды.