ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Лондондағы ИМО ассамблеясының 25-ші отырысына қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Лондондағы ИМО ассамблеясының 25-ші отырысына қатысты

ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Лондондағы ИМО ассамблеясының 25-ші отырысына қатысты

Астана. 29-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қарашаның 18-24 аралығында Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің өкілдері Лондондағы Халықаралық теңіз ұйымы (International Maritime Organization - ИМО) ассамблеясының 25-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Қараша 2007
  • 481
Фото - Caravan.kz

Көлік және коммуникация министрлігінің ақпаратына сүйенсек, ассамблея отырысында басты назар тасымал қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне арналған. «Қазақстан теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету және теңіз табиғатын қорғаудағы осы ұйымның әмбебап стандарттар мен ережелер жасау бойынша ынта-жігерін толығымен қолдайды», — деп көрсетілген министрліктің баспасөз баянында.

ИМО-ның келесі отырысын 2009 жылы өткізу көзделіп отыр.

International Maritime Organization — 1959 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан халықаралық үкіметаралық ұйым. ИМО халықаралық теңіз саудасына байланысты техникалық мәселелер бойынша үкіметтер арасында ынтымақтасу және ақпарат алмасу үшін негіз болып табылады. Сондай-ақ, халықаралық теңіз саудасына қатысты үкіметтердің алалау іс-әрекеттерін және шектен тыс шектеулерді болдырмауға ықпал етеді.

Қазақстан ИМО-ға 1993 жылы кірді және басты 10 халықаралық теңіз конвенциясына қосылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті